Қазір әлеуметтік желінің қайсы бірін ашсаңыз да, белсенді биологиялық қоспалардың түр-түрін жарнамалаған ақпарат шыға келеді. Елдің бәрі БАД ішіп белсенді боп, коллаген жеп кәріліктің алдын алуға ұмтылып жүр. Тіпті, «балалардың дамуы үшін» деп қорап-қорап дәрумен сатып алатын ата-аналар көбейген. Желіде жарнамасы желдей есіп жүрген белсенді биологиялық қоспалар шынында да пайдалы ма? Тұтынатын өнімдердің толықтай зерттелгеніне қалай көз жеткіземіз? Тақырыпты Айдана Дүйсенбаева зерттеп көрді.
️