Қазақстан құрамасы қысқы Олимпиадада спорттың 10 түрі бойынша сынға түседі

27
30.12.2025 21:04

Қазақстан құрамасы қысқы Олимпиадада спорттың10  түрі бойынша сынға түседі. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов хабарлады. Ведомство басшысы Италияда өтетін қысқы Олимпиада ойындарына дайындық барысын баяндады. Министрдің айтуынша, жарысқа 93 елден 3 мыңға жуық спортшы қатыспақ. 116 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Қазақстандық құрмасының спортшылары жарысқа қызу дайындалып жатыр. Қысқы Олимпиада ойындарының әзірлігіне 13,3 миллиард теңге бөлінген. Айта кетсем, қыстың басты спорттық додасының ашылу рәсімі 6 ақпанда Миланда өтсе, жабылу салтанаты 22 ақпанда Верона қаласында ұйымдастырылады.