Түркістанда полиция мен төтенше жағдайлар қызметкерлері бірлесіп, жаңа жылдық пиротехникалық заттарды сататын сауда орындарын тексеріп жүр. Себебі заңға сәйкес мұндай бұйымдарды тек арнайы лицензиясы бар кәсіпкерлер ғана сата алады. Алайда дәл осы кезеңде заңсыз сауда жиілейтіні жасырын емес. Сондықтан мамандар түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Айта кетейік, пиротехника – лицензияланатын қызмет түрі. Демек, нарықтағы өнімдер арнайы стандарттарға сай болуы тиіс. Алайда кейбір азаматтар қауіпсіздік талаптарын елемей, пайда табуды көздейді.
️