Қазақстан Президенті БҰҰ университетінде дәріс оқыды

13
19.12.2025 19:08

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Токио қаласындағы Біріккен Ұлттар Ұйымы университеті мінберінде дәріс оқып, жаһандық тұрақсыздық күшейген кезеңде халықаралық сенімді қалпына келтірудің маңызын атап өтті. Мемлекет басшысы Алматыда Біріккен Ұлттар Ұйымы университетінің өңірлік филиалын құруды ұсынды. Жаңа академиялық орталық су және климат қауіпсіздігі, қақтығыстарды реттеу, бітімгерлік, орнықты даму және жасанды интеллектіні басқару бағытында жұмыс істемек. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан БҰҰ университетімен және отандық жетекші жоғары оқу орындарымен ғылыми зерттеу, академиялық алмасу және маман даярлау салаларындағы серіктестікті кеңейтуге мүдделі екенін жеткізді. Айта кетейік, БҰҰ университеті – штаб-пәтері Токиода орналасқан, әлемнің 12 елінде 13 институты бар жаһандық зерттеу және білім беру орталығы.