Әкелерге арналған ашық форматтағы кездесу өтті

17
18.12.2025 21:00

Бала тәрбиесі – мемлекеттің болашағын айқындайтын маңызды мәселе. Бүгін Түркістан қаласында әкелерге арналған ашық форматтағы кездесу өтті. Іс-шара барысында әке мен бала арасындағы қарым-қатынас, әкенің отбасындағы орны кеңінен сөз болды. Қазіргі таңда көп жағдайда әкелер жұмыстың көптігіне байланысты балаларына жеткілікті уақыт бөле алмай жатады. Ал бұл баланың мінез-құлқы мен тұлғалық қалыптасуына тікелей әсер етеді. Кездесу аясында осы мәселені ашып көрсететін тағылымды қойылым қойылып, баланың дамуына ықпал ететін негізгі құндылықтар талқыланды.