Риддер қаласында болған өрт салдарын жою үшін үкіметтен 557 миллион теңге бөлінді. Қазір зардап шеккен отбасыларға берілетін жаңа үйлердің құрылысы басталып кетті. Ол туралы Шығыс Қазақстан облысына барған премьер-министр Асқар Мамин мәлімдеді. Қазір 30 тұрғын үйдің құрылыс жұмыстары бірнеше компанияға жүктелген. Тұрғындарды 15 тамызда жаңа қоныстарына көшіру жоспарланып отыр. Естеріңізге салсам, 10 мамырда Шығыс Қазақстан облысындағы Лесхоз кентінде өрт шығып, артынша орманға жайылған еді. Тілсіз жаудың салдарынан бір әйел адам көз жұмды және екі адам жарақат алып, 35 үй күлге айналған болатын. Осыдан кейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өрттен зардап шеккендерге тиісті деңгейде көмек көрсетуді тапсырды.
️