Мереке қарсаңындағы тарту. Түркістан облысы Созақ ауылында спорт кешені пайдалануға берілді. Жаңа нысан бұқаралық спортты дамытуға бағытталған. Аудан басшысы Мұхит Тұрысбеков тұрғындарды Тәуелсіздік мерекесімен және жаңа спорт нысанының ашылуымен құттықтап, бұл кешен ауыл жастарының спортпен тұрақты айналысуына, салауатты өмір салтын қалыптастыруға және болашақ чемпиондарды тәрбиелеуге мүмкіндік беретінін атап өтті. Айта кетейік, спорт кешенінің аумағы 1,5 гектарды құрайды. Екі қабатты нысанда футбол, волейбол, баскетбол алаңдары, бокс, күрес және жаттығу залдары бар.
️