Түркістан
EN

Отырар ауданында 260 тонна мақта жанып кетті

335
16.12.2025 00:15

Түркістан облысында 260 тонна мақта өртеніп кетті. Оқыс жағдай Отырар ауданы Темір ауылында болған. Мақта пунктінде тау болып үйілген өнімді қызыл жалын шарпыған. Өртті сөндіруге облыстық төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерімен бірге орман шаруашылығы және жергілікті атқарушы органдардың жұмысшылары да жұмылдырылған. Жалпы 14 техника жұмыс істеген. Ең бастысы зардап шеккендер жоқ. Өрт сөндірушілер 4240 тонна мақтаның жанып кетуіне жол бермеген. Қазір қызыл жалынның неден шыққаны анықталып жатыр. 

️