Жаңа жыл мерекесі қарсаңында, 22-31 желтоқсан аралығында елдегі супермаркеттерде «Bereke fest» акциясы өтеді. Акция аясында фермерлерден тікелей жеткізілген әлеуметтік маңызы бар тауарлар төмендетілген бағамен сатылмақ. Сонымен қатар, желтоқсан айында еліміздің барлық өңірінде Жаңа жыл мерекесіне арналып, ауылшаруашылығы өнімдерінің 800-ден астам жәрмеңкесі ұйымдастырылады. Өткен аптаның өзінде осындай 149 жәрмеңке өткізіліп, сатып алушыларға қолжетімді бағамен өнімдер ұсынылды.
️