Қызылша жұқтырған жүкті келіншек бір ажалдан аман қалды

20
15.12.2025 19:14

Түркістан облысының шалғай ауылдарының бірінде жүкті келіншек қызылша жұқтырып, ауыр хәлде ауруханаға түсті. Жағдайы күрт нашарлаған соң дәрігерлер санитарлық авиациямен науқасты медициналық мекемеге шұғыл жеткізген. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, жүкті әйелдің кеселі асқынып,  ауыр интоксикация белгілері байқалған. Сонымен қатар ағзасы көп мөлшерде су жоғалтқандықтан  пневмония дерті басталыпты. Науқастың өмірін сақтап қалу үшін республикалық деңгейде кеңейтілген консилиум өткен. Дәрігерлер келіншекті 9 тәулік бойы үздіксіз бақылауда ұстап, ем жүргізді. Осының арқасында ана мен бала аман қалды.