Түркістанда дін істері басқармасының ұйымдастыруымен «Үздік ақпараттық-түсіндіру тобы» байқауының жеңімпаздары марапатталды. Шара қоғамдағы діни тұрақтылықты нығайтуға елеулі үлес қосқан діни орталықтар мен азаматтарды анықтап, олардың еңбегін бағалауды мақсат етті. Сонымен қатар әр саладағы өз кәсібінің шеберлерін марапаттау арқылы ұлттық құндылықтарды дәріптеу көзделді. Байқаудың бас жүлде иегеріне 250 мың теңге қаржылай сыйақы табысталды.
️