Түркістан
EN

Премьер-министр "Таза Қазақстан" бастамасын жеке бақылауына алды

153
05.12.2025 02:19

 Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Жалпы биыл аталған бастама аясында республика бойынша 1 250 экологиялық шара өткен. Оның ішінде аумақтарды жинау, көгалдандыру және экологиялық ағарту жұмыстары да бар.  Нәтижесінде, 2 миллион 800 мыңнан астам ағаш отырғызылып, 1 млн гектар  жер тазартылыпты. Сонымен қатар, биыл ғарыштық мониторинг арқылы 3 833 полигон анықталып, оның 80%-ы жойылған. Және 165 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, жалпы 12,4 млн теңге  айыппұл салынған.

️