Жезқазғаннан Балқаш пен Түркістанға әуе рейстері ашылады

17
03.12.2025 23:18

Келесі жылы Жезқазғаннан Балқаш пен Түркістан қалаларына жаңа әуе рейстері ашылады. Бұл туралы Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков есептік кездесуінде айтты. Оның айтуынша, облыс құрылғаннан бері жаңа 3 автобус және Шымкент қаласымен екі ортаға қатынайтын  1 авиамаршрут ашылған. Сондай-ақ биыл ұзындығы 316 шақырымға жететін Қызылжар-Мойынты жаңа теміржол желісінің құрылысы басталды.