Жәнібек Әлімханұлының допинг дауына ілігуіне байланысты Спорт министрлігі мәлімдеме жасады

20
03.12.2025 23:17

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы допинг қолданды деген күдікке ілінді. Оның ағзасында  VADA ұйымының допинг-тестінде тыйым салынған мельдоний бары анықталды. Осыған байланысты  кубалық Эрисланди Ларамен өтетін  чемпиондық жекпе-жек ресми түрде өткізілмейтіні белгілі болды. Бұған қатысты  туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев  пікір білдіріп, Жәнібек Әлімханұлының командасымен тығыз байланыста жұмыс жүргізіліп жатқанын хабарлады. Айтуынша, антидопингтік ұйымдар тексеріс жүргізілген жағдайда тергеу аяқталып, нақты қорытынды жариялануы тиіс. Министрлік спортшыға жан-жақты көмек көрсетуге әзір екендіктерін  атап өтті.