Жол апатынан 23 жастағы фельдшер мерт болды

14
03.12.2025 23:16

Алматыда жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырады. Оқиға Алатау ауданында болған. Жедел жәрдем көлігі Жұмағли Сайын көшесімен келе жатып, бұрылар сәтте "KІА" көлігімен соқтығысып қалған. Салдарынан екі көліктің жүргізушісі мен жолаушылары жарақат алды. Соның салдарынан 2002 жылы туған фельдшер бірнеше сағаттан кейін ауруханада көз жұмған. Қазір полиция адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғап, тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.