Кітап сүйер қауым үшін «Тurkistan book fair» жәрмеңкесі басталды. Үш күнге созылатын шараға Түркі елдерінен 50-ге жуық баспа үйі өз өнімдерін әкелген. Олардың ішінде шетелдік ақын-жазушылардың туындылары және қазақ тіліне аударылған шығармалар бар.
️