Жылдың үздік меценаттары марапатталды

17
26.11.2025 19:04

Түркістанда «Қайырымды іс – жан азығы» акциясы аясында облыс көлемінде қайырымдылық істерімен ерекшеленген азаматтарды марапаттау рәсімі өтті. Ізгілікті істерге үлес қосқан 17 меценат арнайы іріктеліп, жоба аясында олардың еңбектері кеңінен насихатталуда. Қайырымды жандардың жасаған игі істері туралы ақпараттық баннерлер Түркістан облысының 17 аудан-қаласындағы 51 елді мекенге ілініп, халыққа кеңінен таныстырылып жатыр. Акцияның мақсаты – қоғамға үлгі боларлық азаматтарды дәріптеп, қайырымдылық мәдениетін дамыту.