«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі қайта жаңғыртылады. Енді холдинг экономиканың нақты секторына бағытталған қолдауды күшейтеді. Инвестхолдингке инфрақұрылымдық, экспорттық және индустриялық жобаларды сүйемелдеу бойынша қосымша өкілеттіктер беріледі. Бұл туралы Үкімет басшысының қатысуымен өткен директорлар кеңесінің отырысында мәлім болды. Жиында сондай-ақ директорлар кеңесінің келесі жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді. Құжат корпоративтік басқаруды жетілдіру, бизнесті қолдау тетіктерінің тиімділігін арттыру және еншілес ұйымдардың инвестициялық белсенділігін кеңейту мәселелерін қамтиды. Сонымен бірге шикізаттық емес экспорттың үлесін арттыру және бәсекеге қабілетті кәсіпорындар қалыптастыруға басымдық берілген. Нәтижесінде жоғары өнімді өндіріс орындары ашылып, жаңа жұмыс орындары құрылмақ.
️