Олимпиада жүлдегері жас спортшылармен танысты

148
23.08.2021 10:43

Облысымызда балалар мен жасөспірімдер арасындағы футбол дамып келеді. Сөзімізді  Түркістан облыстық футбол мектебінің 2007 жылғы шəкірттері өткен жылы футболдан Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері атанғаны қуаттай алады.  Өрендер осы жылы да додада бақ сынамақ. Осы орайда бүгін "Түркістан-арена" стадионында "Тұран" Футбол Клубы футболшылары мен олардың ізбасарлары мамандандырылған футбол мектебі шәкірттерінің арасында  жолдастық кездесу өтті. Ойынды тамашалауға Бокстан Токио олимпиадасының қола жүлдегері Сакен Бибосынов та қатысты. Матчтан кейін ел мақтанышы мен спорт басқармасы стадионда орналасқан бокс залдарын аралап шықты. Айта кетейік Түркістандағы орталық стадионда бокс, күрес жəне ауыр атлетика үйірмелері тұрақты жбөліміне арналған жаттығу залдары да жұмыс істеп тұр. Болашақта облысымызда спорттық ойын түрлерін дамыту жоспарлануда.