Ордабасы ауданында қазақ күресінен «Жас Барыс» республикалық турниріне жолдама беретін облыстық іріктеу жарысы басталды. Боз кілемге өңірдің барлық аудан-қалаларынан 400-ден аса жас балуан шығып, шеберлігін сынап жатыр. Дүбірлі дода 2005 және 2011 жылы туған жасөспірімдер арасында өтуде. Ұлттық спортты дамыту және жас спортшылардың дайындығын шыңдау мақсатында ұйымдастырылған жарыста көрсетілген нәтижелер бойынша Астанада 22–26 желтоқсанда өтетін республикалық «Жас Барыс» турниріне қатысатын үздіктер анықталады.Үш жас санаты бойынша өтетін белдесулер екі күнге жалғасады. Қорытындысында облыс намысын қорғайтын ең үздік балуандар іріктелмек.
️