Түркістанда археология ескерткіштері резерватын құру және ұстау тәртібі бекітілді

21
21.11.2025 18:39

Түркістанда археология ескерткіштерін сақтау үшін жаңа резерват қағидалары бекітілді.  Құжат «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» Заңға сәйкес әзірленіп, тарихи-мәдени мұра нысандарын қорғаудың бірыңғай тәртібін белгілейді. Жаңа талаптарда археология ескерткіштері көне қоныстар мен қалашықтар, құрылыстардың қалдықтары, қорымдар, обалар, тас мүсіндер және адамзаттың ежелгі мәдениетіне қатысты өзге де нысандар ретінде айқындалған. Қағидаларға сәйкес, ескерткіштердің материалына, тарихи келбетіне немесе табиғи ландшафтына зиян келтіретін кез келген әрекетке қатаң тыйым салынады. Сонымен қатар резерват аумағын пайдаланушылар ескерткіштердің жай-күйін үздіксіз бақылап, профилактикалық күтім жүргізуге міндеттеледі. Бұл қадам Түркістандағы тарихи мұраны жүйелі түрде қорғауға және оның түпнұсқалық құндылығын сақтауға бағытталған.