Мемлекет басшысының жарлығымен арнайы мәртебе берілген Алатау қаласын дамыту ісі жалғасуда. Бүгінде шаһарды жаңа инновациялық орталыққа айналдыру көзделіп отыр. Премьер-министр Олжас Бектенов мемлекетік органдар басшыларының, сарапшылар мен урбанистердің қатысуымен қаланы дамыту жөнінде кеңес отырысын өткізді. Алғашқы кезеңде 30 ірі инфрақұрылым нысанының құрылысы басталады. Бүгінде оның бюджеті үш есе өсіп, өнеркәсіп пен инвестиция көлемі де артқан. Құны 1 трлн теңгеден асатын 18 жоба іске асырылуда. Сонымен қатар жалпы ауданы 97,9 мың гектарды қамтитын Алатау арнайы экономикалық аймағын құру жұмыстары жалғасуда. Жиында құрылыс, энергетика, экология, көлік және ұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы салаларында, соның ішінде «ақылды» қала технологиясы шеңберінде де, халықаралық стандарттар мен инновацияларды енгізу ұсынылды.
️