Өрттен зардап шеккен науқас тікұшақпен шымкентке жеткізілді

24
20.11.2025 16:03

Жетісай ауданына қарасты Алғабас ауылындағы өрт кезінде зардап шеккен 1986 жылғы ер адам  тікұшақпен Шымкентке жеткізілді.  Өйткені, ауданда шұғыл көмек көрсету үшін қажетті арнайы жабдық жеткіліксіз болғандықтан  облыстық ауруханаға апаруға тура келген. Бұл ретте «Қазавиақұтқару» авиациялық қызметінің тікұшақ экипажы  санитарлық рейс орындады.  Экипаж мәліметінше, тікұшақ жерге қонған соң ер адам арнайы медициналық мамандардың бақылауына тапсырылды. Қазір гипербариялық оксигенация орталығында ем алуды жалғастыруда.