Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясы «Балқаш» деп аталатын болды. Атауды халық өзі таңдады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен өткен республикалық онлайн байқауға 27 мың қазақстандық қатысып, олар 10 мыңнан аса атау ұсынған. Оның ішінде ең көп дауыс жинаған — «Балқаш» атауы, оны 882 адам таңдады. Сарапшылар комиссиясы бұл атаудың халықаралық тәжірибеге сай келетінін және географиялық маңызын ескере отырып, жеңімпаз деп бекітті. Осылайша, «Балқаш» атауы елдегі атом энергетикасының жаңа кезеңін айқындайтын тарихи белгіге айналды.
️