Мұздың үстінде ойнаймын деп мерт бола жаздады. Оқыс оқиға Ақмола облысында болған. Қылшақты өзенінде ойнап жүрген үш оқушы мұз ойылып кеткен сәтте суға құлаған. Абырой болғанда, жанынан өтіп бара жатқан тұрғын дереу көмекке келіп, балаларды аман алып қалды. Дәрігерлер алғашқы көмек көрсетіп, қазір олар емін үйлерінде жалғастырып жатыр. Төтенше жағдай қызметкерлері қыс кезінде тұрғындарды ерекше сақ болуға шақырады. Өйткені жұқа мұзға шығу – аса қауіпті. Сондай-ақ қазір құтқарушылар үш оқушыны ажалдан арашалап қалған азаматты іздестіруде.
️