Жұмабай Әбіл атындағы аудитория ашылды

23
14.11.2025 19:14

Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде белгілі ұстаз, педагогика ғылымының ардагері Жұмабай Әбілдің есімі берілген арнайы аудитория ашылды. Салтанатты жиынға ғалымның әріптестері, шәкірттері мен бірқатар зиялы қауым өкілдері қатысты. Олар Жұмабай Әбілдің білім саласына сіңірген еңбегін ерекше атап өтті. Шара барысында ғалымның өмірі мен шығармашылығына арналған кітаптардың тұсауы кесілді. Жиын соңында қатысушылар тұлғаның жолын жалғар жас ғалымдарға бұл аудитория талай жаңа бастаманың ордасына айналса деген тілектерін білдірді.