Экономика өскенімен, инфляция неге төмендемей тұр

22
14.11.2025 19:13

« Елде экономика өскенімен, инфляция неге төмендемей тұр?!». Бұл сұраққа ұлттық банк басшысы Тимур Сүлейменов 13- қаржыгерлер конгресінде жауап берді. Ол инфляцияның  үкімет мен бас банктің жоспарлы көрсеткішінен асып кетуіне бірқатар сыртқы және ішкі факторлар себеп болды дейді. Айтуынша, жаһандық азық-түлік пен энергия бағасының құбылмалығы, логистикалық тәуекелдер Қазақстанның бақылауында емес. Сонымен қатар, бұған короновирус кезеңінде қабылданған кеңейтілген фискалдық саясат та ықпал етіп отыр. Айта кетсем, биыл жылдық ішкі өнім 6,5%-ға өскенімен, жалақы 2%-ға төмендеген. Бұл халықтың инфляция қысымын сезініп отырғанын байқатады.