Президенттің қолынан ауыл шаруашылығы саласының 30 еңбеккері мемлекеттік награда алды

19
14.11.2025 19:12

Бүгін еліміздегі таңдаулы шаруалар елордада бас қосты. Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің екінші форумына мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы қатысып, елімізде еңбек адамдарына құрметтің артып келе жатқанын атап өтті. Саладағы жаңашылдықтарға тоқталды. Одан бөлек, елдің өсіп-өркендеуіне зор үлес қосқан қызметкерлердің қажырлы еңбегі үшін шынайы ризашылығын білдірді. Дәстүрлі жиынға 2 мыңнан астам адам жиналып, салада жүрген 30 еңбеккер мемлекеттік наградаға ие болды. Үздіктердің арасында Түркістан облысынан барған Нұрмахан Әбдібаев та бар. Оның жетекшілігіндегі кәсіпорын 16 жылдан бері ет өңдеп, тұтынуға дайын өнім шығарып келеді. Мемлекет басшысы сарыағаштық шаруаға  «Құрмет» орденінін табыстады.