Келес ауданында заңсыз құрылыс бұзылды

26
12.11.2025 20:59

Келес ауданында заңсыз салынған нысандарға қатысты нақты шаралар қабылдануда. Жыл басынан бері 9 нысанның заңсыз екені анықталып, иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның біреуі сот шешімімен бұзылды. Өндірілген айыппұл көлемі — 7 миллион теңгеден асады. Жауаптылар бұл жұмыстардың басты мақсаты — тұрғындарға заң талаптарын еске салып, құжатсыз құрылысқа жол бермеу дейді.