«Түркістанның төл перзенті» атты еске алу шарасы өтті

267
13.11.2025 01:56

Білім мен ғылым саласында өшпес із қалдырған Серік Пірәлиев-саналы ғұмырын жас ұрпақ тәрбиесіне, ұлттық ғылымның өркендеуіне арнаған дара тұлға. Бүгін Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінде ұлағатты ұстазды  еске алу жиыны өтті. Оған академиктің көзін көрген зиялы қауым өкілдері, әріптестері мен шәкірттері қатысты. «Түркістанның төл перзенті» атты бұл шара- ғалымның  өнегелі өмірін жас буынға үлгі ету мақсатында ұйымдастырылды.