Кентауда тұрғын үйлер жылумен қамтылды

29
11.11.2025 19:43

Кентау қаласында күздің салқын күндерімен бірге жылу маусымы да басталды. Екі жылға жоспарланған жөндеу жұмыстары кезінде қазандықтар қайта құрылып, жаңғыртудан өтті. Өйткені соңғы 10 жылдан бері жөнделмеген қазандықтардың 95 пайызы тозған. Қазір қалалық жылу энергия орталығы қазандықтарды толық қуатта іске қосып, тұрғындарды жылумен қамтамасыз етуде.