Дәрі-дәрмектің қымбатшылығына мобильді қосымша арқылы шағымдануға болады

29
11.11.2025 19:40

Қазақстанда дәрі-дәрмек бағасына қатысты шағымдар енді смартфон арқылы жасалатын болды. Халық енді арнайы мобильді қосымша арқылы дәрі-дәрмек бағаларының шектен тыс қымбат екенін хабарлай алады. “Қазақтелеком” АҚ және Денсаулық сақтау министрлігі бірлесіп әзірлеген Naqty Onim мобильді қосымшасы арқылы дәрілік заттардың шекті бөлшек бағасы көрсетіліп, егер сатылым ережелері бұзылса, шағым министрлікке бірден жеткізіледі. Бұл – халыққа қолжетімділікті арттыру және медициналық қызмет сапасын жақсарту бағытындағы жаңа қадам.  Соңғы бес жылда дәрі-дәрмекке бөлінетін қаржы 115 млрд теңгеден 262 млрд теңгеге өсті, биыл 3 млн пациент тегін дәрі алды. Бүгінде Қазақстан өмірлік маңызы бар дәрілердің 37%-ын өзі шығарады. Мемлекет отандық фармацевтикаға қолдау көрсетіп, дәрілердің сапасын және уақытылы жеткізілуін бақылауға алмақ.