27 тонна есірткі тәркіленген

13
10.11.2025 15:52

Заңсыз айналымнан 27 тонна есірткі тәркіленді. Ауқымды шара есірткі қылмысына қарсы күрестің маңызды кезеңі болды. Маусым айынан қазан айына дейін Қазақстанның құқық қорғаушы органдары үлкен жұмыстар атқарды. Нәтижесінде 3,5 мың есірткі құқық бұзушылығы анықталды. Сондай-ақ, 110 мыңнан астам қарасора тү-тамырымен  жойылды. Төрт ұйымдасқан қылмыстық, оның ішінде бір трансұлттық топ құрықталып, есірткі заттарын әзірлейтін 6  зертхананың жұмысын әшкерелеген.  Құқық қорғау органдары есірткі жеткізудің 50 ішкі арнасын жапты. Мәселен, Жамбыл облысында 200 килограмнан астам марихуана тәркіленсе, Алматы әуежайында Үндістан азаматы 3 келі марихуана алып келе жатқан жерінен ұсталды. Қызылорда облысында салмағы 300 келі болатын 928 түп қарасора тәркіленді.