Еуропа елдеріне балық экспорттағандар сотталды

13
10.11.2025 15:51

Қызылордада жалған құжатпен Еуропа елдеріне балық экспорттағандар сотталды. Олар бағасы 254 миллион теңге болатын 75 тоннадан астам көксерке етін шетелге заңсыз тасымалдаған. Тергеу-тексеру кезінде  кәсіпорынның лауазымды тұлғалары 2022 жылы кеден органдарына жалған мәлімет ұсынғаны белгілі болды. Сондай-ақ  оларға қарасты су айдындарында балық өспек тұрмақ, арнасы  мүлде кеуіп қалғаны анықталыпты. Ал құжаттарда көрсетілген жүк көліктері тасымалдау қызметін атқармаған, әрі тоңазытқыш қондырғылармен қамтамасыз етілмеген болып шықты. Сондай-ақ тергеу барысында жалған шот-фактуралар мен заңсыз берілген ветеринарлық анықтамалар да дәлелденді.