Балтакөл — тарихы терең, рухы биік ауыл!

56
08.10.2025 10:30

Бүгін Балтакөл ауылында ерекше қуаныш, мерей мен мақтанышқа толы күн өтті! 
Елді-мекеннің құрылғанына 60 жыл толуына орай ауылдың абыройлы перзенті, ел азаматы Балтабай Асанов туған ауылына зор сый жасады — Балтакөл дәрігерлік амбулаториясына жаңа жедел-жәрдем көлігін тарту етті! 

Бұл – ауыл халқының денсаулығына деген қамқорлықтың, туған жерге деген шынайы сүйіспеншіліктің жарқын көрінісі.

Мерекелік іс-шараға аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы, аудандық мәслихат төрағасы Уалихан Жамалханұлы, Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Мархабайұлы, Отырар аудандық орталық ауруханасының басшысы Бауыржан Әбдімәлікұлы, ауыл ақсақалдары мен тұрғындары қатысып, жылы лебіздері мен ризашылықтарын білдірді. 

Сонымен қатар, облыстық басқарма басшысы Асхан Мархабайұлы «Туған жерге тағзым» жобасы аясында Балтабай Асановтың ұйымдастыруымен Балтакөл дәрігерлік амбулаториясында өтіп жатқан тегін медициналық тексеру жұмыстарымен танысып, бұл бастаманы жоғары бағалады. 

Осылайша Балтакөл ауылында елге үлгі боларлық ізгі істер атқарылып, туған жерін сүйетін азаматтардың арқасында ауылдың әлеуметтік өмірі мен медициналық әлеуеті артып келеді. 

Туған жерге тағзым еткен әрбір азаматтың еңбегі – елдің болашағына қосқан үлес!