Ел ішінде кеңінен таралған «Неге, неге», «Жас жұбайлар» секілді әндердің авторы Бекжігіт Сердәлі – 65 жаста. Сазгердің мерейлі жасына орай Түркістанда шығармашылық кеші өтті. Оның барысында композитор көпшілікпен емін-еркін сұхбат құрып, әндерінің тарихы, шығармашылық кезіндегі түрлі оқиғалармен бөлісті. Мәдениет саласының өкілдері композитордың әндерін шырқады. Өзі қызмет ететін оқу ордасының атынан сазгерге шапан сыйға беріліп, құрмет көрсетілді. Ал, Бекжігіт Сердәлінің өзі болса шын өнер иесі қандай мәдениет үйі, сахна болсын таңдамайды дейді.
️