Қазақстанда қызыл қасқыр мен қар барысы жойылып кетуі мүмкін

87
30.09.2025 20:21

Қызыл қасқыр мен қар барысы жыл сайын азайып келеді. Бұл туралы Сенаттың аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің отырысында депутат Арман Өтеғұлов мәлімдеді. Оның айтуынша жырқыштардың саны тұрақсыз болып тұр екен. Сондай-ақ жайран, сілеусін, құм мысығы, бірқатар құс пен балықтың да популяциясы бірқалыпты емес. Оған ормандағы өрт, ағаштардың көптеп кесілуі, браконьерлік себеп болып отыр. Депутат мәселені шешу үшін бақылау жүйесін цифрландырып, ғылыми зерттеуді күшейтуді ұсынды.