Түркістан облысында инфрақұрылымды дамыту және қаланың туристік әлеуетін арттыру бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Бұл шаралар облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің тікелей бақылауында. Түркістан қаласында жүзеге асырылып жатқан бірқатар жобалармен облыс әкімі аппаратының басшысы Еркебұлан Дауылбаев танысып өтті. Оның ішінде «Ақылды аялдама» мен «Көшелерді ақылды жарықтандыру» бастамалары бар. Жаңа аялдамалар жолаушыларға қолайлы жағдай туғызды, ал жарықтандыру жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар әлі де қаралып жатыр. Сонымен қатар, 5 мың адамға арналған мешіттің де құрылысы аяқталуға жақын. Аппарат басшысы мердігер компанияға нақты тапсырмалар берді.
Аумағы 81 гектар болатын Шаға жасанды көліндегі жұмыстар да жалғасуда. 2,3 млн текше метр суға лайықталған көл әкімшілік орталықты тасқыннан қорғап қана қоймай, туристік аймақ ретінде дамытылмақ.
️