Түркістандық жанкүйер қос клубтың эмблемасын қақпасына бейнеледі

102
29.09.2025 20:03

Ертең Алматыда өтетін "Қайрат" пен «Реал Мадрид» арасындағы ала доптың аламанын күткен жанкүйерлер тағатсызданып, елді елең еткізетін әрекеттермен қолдау білдіріп жатыр. Соны бірі түркістандық суретші бозбала. Ол екі команданың логотипін ауласындағы қақпаға бейнелеп, әлеуметтік желіде  жарты миллионнан астам қаралым жинады. Жас суретшімен біздің тілшіміз де сұхбаттасып көрген болатын.