Түркістан
EN

Түркістан облысын дамытуға ғалымдар да үлес қосады

449
30.09.2025 01:01

Енді Түркістан облысын дамытуға ғалымдар да үлес қосады. Өңір басшысы Нұралхан Көшеров Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының президенті Бақытжан Жұмағұлов бастаған ғалымдармен кездесті. Жиында  ғылымның жетістіктерін өндірісте, өңір экономикасын дамыту ісінде қолдану, әріптестік орнату  және өзге де мәселелер талқыланды. Бақытжан Жұмағұлов Түркістан облысындағы  жұмыстарды жоғары бағалады. Және өңірді зерделеп, бірлесе жұмыс істеуге дайын екенін айтты.

️