Сайрам ауданының экологиялық жағдайын жақсарту бойынша мәжіліс өтті

16
17.09.2025 16:19

Сайрам ауданында экологиялық кеңестің кезекті көшпелі мәжілісі өтті. Жиында Түркістан облысы бойынша Экологиялық департамент басшысының орынбасары Нұрбек Садықов қоршаған ортаны қорғау саласындағы өзекті мәселелерді көтерді. Атап айтқанда, аудандағы бейберекет қоқыс орындары, сарқынды суларды тазарту қондырғыларының жай-күйі талқыланды. Сондай-ақ, тұрмыстық қатты қалдықтар полигондары мен жер қойнауын заңсыз пайдалану фактілері сөз болды. Мамандар ауданның экологиялық ахуалын жақсарту үшін нақты ұсыныстар жасады. Кеңес соңында хаттамалық тапсырмалар тізбесі бекітіліп, жергілікті мәселелерді алдағы жұмыс жиындарында тұрақты қарау жөнінде шешім қабылданды.