Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары сьезінің жалпы отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллектіге қатысты жаңа ұсыныс жасады. Мемлекет басшысы оны дамыту әдебі жөніндегі дінаралық комиссия құру қажет деп есептейді. Ол өз сөзінде жасанды интеллектінің дамуынан прогрес үшін жақсы мүмкіндік көріп отырғанын айта келе әдеп нормаларын сақтау да маңызды екенін жеткізді. Қасым-Жомарт Кемелұлының пайымынша жаңа құрылатын комиссия нейрожелілерді пайдалану қағидаларын әзірлеумен айналысады. Айта кетсем, биылғы съездің басты тақырыбы — «Діндер диалогы: болашақ жолындағы синергия» деп аталады. Дін өкілдерінің дәстүрлі шарасына биыл 60 елден 700-ге жуық делегат келген.
️