Жылыту маусымына дайындық жүріп жатыр

12
16.09.2025 20:16

Түркістан облысында қысқы жылыту маусымына дайындықтың бірінші кезеңі аяқталды. Бұл бағытта төтенше жағдайлар қызметі 26 мыңнан астам әлеуметтік осал топтағы отбасылардың үйін аралап, түсіндіру жұмыстарын жүргізген. Нәтижесінде 20 мыңнан астам үйде өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталмағаны анықталды. Атап айтқанда, көп тұрғын үйлерде автономды газ қондырғылары мен жылыту қазандықтары талапқа сай болмай шыққан. Сондай ақ, жану өнімдері шығатын құбырлар сыртқа шығарылмаған және  газосигнализатор құрылғысы орнатылмаған. Мамандардың айтуынша, «Өрт қауіпсіздігі айлығы» аяқталғанша, өңірдегі әлеуметтік осал топтағы отбасылардың үйлері толық тексеріледі.