Бүгінде әлемде вандализм, қасиетті нысандарды қорлау және діни төзімсіздік салдарынан туындаған зорлық-зомбылық жиілеп отыр. Мұндай жағдай халықаралық қауымдастықтың жедел әрі бірлескен әрекетін қажет етеді. Бұл туралы Астанада Біріккен Ұлттар Ұйымының қолдауымен өткен діни нысандарды қорғау жөніндегі арнайы сессия барысында айтылды. Жиында Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев, Қазақстан БҰҰ-ның Діни нысандарды қорғау жөніндегі іс-қимыл жоспарын толық қолдайтындығын жеткізді. Рухани көшбасшылар соғыстар мен қақтығыстарды тоқтатуға ықпалы бар екенін айтты.
️