Атырау облысында «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан» заңсыз ақша шешіп алуға көмектескен 5 қылмыстық топ анықталды. Бұл туралы Қаржы мониторинг агенттігі хабарлады. Күдіктілер 30-дан аса стоматологиялық клиникалардың атына жалған құжат жасаған. Шын мәнінде, ол медицина ұйымдары тек қағаз жүзінде болған, халыққа ешқандай қызмет көрсетпеген. Олардың ғимараттары да, жабдықтары да, қызметкерлері де болмаған. Бірақ сол клиникалар арқылы күдікті азаматтар зейнетақы қорынан қаражат шешіп алуға болатын құжаттар рәсімдеген. Ол қызмет үшін қордан алған қаражаттың 10%-дан 20%-ға дейін заңсыз сыйақы ұстап отырған. Жалпы 200 млрд теңгеден астам қаржы айналымнан шығарылған.
️