Премьер-министр әкімдерге жылу желілеріндегі жөндеу жұмыстарының аяқталуын қатаң бақылауды тапсырды

11
15.09.2025 20:23

Степногорск, Орал, Петропавл және Сәтбаев. Осы өңірлердегі жылу желілеріндегі жөндеу жұмыстары уақытылы аяқталмай қалу қаупі бар. Бұл туралы Үкімет отырысында айтылды. Республикадағы жағдай туралы Премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр баяндады. Оның мәліметінше, қазірдің өзінде елдегі энергия көздері қоймаларындағы көмір қоры 4,8 млн тоннаға жеткен. Бұл былтырғы деңгейден 6 пайызға артық. Сондай-ақ, мазут қоры 128,5 мың тоннаны құрап отыр. Ал премьер-министр әкімдерге жөндеу жұмыстарының аяқталуын қатаң бақылауға алуды тапсырды.