Елімізде екі жүз мыңнан астам мұғалім жасанды интеллектіні меңгерді. Олар тегін курстан өтіп, жүз қырық мыңға жуық педагогке арнайы куәлік табысталды. Олардың ішінде ең белсенді болғаны – Түркістан, Жамбыл облыстары мен Шымкент қаласының ұстаздары. Курсқа негізінен бастауыш сынып мұғалімдері қатысқан. Оқу барысында олар жасанды интеллектіні тиімді және этикалық тұрғыдан дұрыс қолдану, сабақ жоспарлау тәсілдерін меңгерді.
️