Қазақстан жасанды түсік жасатудан әлемде үшінші орынға шыққан. World Population Review сайтының мәліметінше, бірінші орында Ресей, екінші орында Вьетнам. Ал, аборттың ең төмен деңгейі Мексикада тіркелген. Толығырақ тілшіміздің бейнематериалында.
Жалпы, аборт жасату да оңай емес, ал одан кейінгі жағдай тіпті қауіпті. Себебі екінің бірі соның кесірінен бала көтере алмай қалады.World Population Review сайтының мәліметінше, Қазақстандағы 1000 әйелдің 35-і жасанды түсік жасатады екен. Бұл тек мемлекеттік мекемелерде тіркелгендері ғана. Бұдан бөлек, жекеменшік емханаларға жүгінетіндер қаншама. Сондықтан статистика әлдеқайда қорқынышты болуы бек мүмкін.
ДИНАРА БЕРДИКУЛОВА –АКУШЕР-ГИНЕКОЛОГ ДӘРІГЕР:
Бүгінде ешқайда бармай-ақ дәрі-дәрмектің күшімен жасанды түсік жасататын қыз-келіншіктер саны артқан. Әрине, бұл оларды тығырықтан алып шығады, алайда дәл осы сәт ол өзін ана болу бақытынан мәңгіге айырғанын сезбей қалуы мүмкін. Бір қызығы, мұндай препараттарды кез келген дәріханадан табуға болады.
Шариғат бойынша себепсіз жасанды түсік жасату – ауыр күнә. Сондықтан құрсақтағы балаға жан біткеннен кейін түсік жасатуға тыйым салынады.
СЕЙДУЛЛА АХМЕТ –ОРТАЛЫҚ МЕШІТТІҢ НАЙБ ИМАМЫ
Елімізде жасөспірімдердің 13 пайызы 14 жастан, ал 19 жастан асқандардың 50 пайызы жыныстық қатынасқа түседі екен. Жалпы, әлем бойынша түсік жасатудың санын қадағалау қиын. Себебі, көптеген елдер бұл көрсеткіштерді тіркемейді және есеп бермейді.
️