Қарағандыда үй шатырының шетіне кірпіш қойған 15 жастағы жасөспірім ұсталды. Бір тәуірі, оның бұл әрекетінен ешкім зардап шекпеген. Полицейлер тұрғындардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген бұзақының жеке басын анықтап, анасымен бірге бөлімшеге жеткізді. Жасөспіріммен профилактикалық әңгіме жүргізіліп, мектеп есебіне қойылды. Ал оның заңды өкіліне, яғни анасына қатысты "Ұсақ бұзақылық" бабы бойынша әкімшілік іс қозғалып, материалдар сотқа жолданды.
️