Жетісуда 23 жастағы алаяқ қолға түсті

44
11.09.2025 18:58

Жетісуда 23 жастағы алаяқ қолға түсті. Алматы қаласының тұрғыны OLX арқылы жалған хабарландыру жариялап, Kaspi-ден несие рәсімдетіп, қазақстандықтардың есепшоттарын тонаған. Тінту барысында күдіктіден iPhone 16 Pro маркалы ұялы телефон, BMW X7 автокөлігі, сондай-ақ шетелдік байланыс операторларының төрт SIM-картасы тәркіленді. Қазіргі таңда аталған іске қатысты тергеу жүріп жатыр.